09:07, 04 Маусым 2013 | GMT +5
Алматының оңтүстік-батысында, 537 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
АЛМАТЫ. 4 маусым. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 4 маусымында «ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар жүйесі

алматы уақыты бойынша 00 сағат 24 минут 04 секундта (Гринвич бойынша 03 маусым 2013 жыл, 18 сағат 24 минут 04 секунд) жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 537 шақырым жерде Қазақстанның аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық дәрежесі - 9.9. Магнитудасы - MPV 4.5. Тереңдігі 5 шақырым. Сезілу туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.