Алматының орталығында автокөлік өртеніп, жолда көлік кептелісі пайда болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының орталық бөлігінде автокөлік өртенді. Осының салдарынан жолда көлік кептелісі пайда болған.

Алматының орталығында автокөлік өртеніп, жолда көлік кептелісі пайда болды

Куәгердің айтуынша, оқиға Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында орын алған. Хюндай Соната автокөлігі жолдың ортасында жанған. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер мен тәртіп сақшылары жұмыс істеуде.

«Бүгін 14 сағат 09 минутта өрт сөндірушілер тобы Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында өртке оранған автокөлікті сөндіруге аттанды. Белгілі болғанындай, өрт мотордан шығып, салонға өткен. Өрт сөндірілді. Оның аумағы - 4 шаршы метрді құрады», - деді Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Қазір, автокөліктің өртену себептері анықталып жатыр.