Алматының сәулетті мейрамханаларының бірінде И.Ильин мен Н.Кулакованың үйлену тойы өтті

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Егеменді Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин 9 қыркүйек күні Наталья Кулаковамен некелесті.

Алматының сәулетті мейрамханаларының бірінде И.Ильин мен Н.Кулакованың үйлену тойы өтті

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Соңғы сағатқа дейін неке қию рәсімінің қай жерде болатындығы құпия болды, кейінірек тойдың Алматыдағы «Риксос» қонақүйлерінің бірінде өтетіндігі белгілі болды.

Той қазақстандық үйлену тойларының ең үздік дәстүрлеріне сай, бай дастарханмен және халық билерінің орындалуымен өтті. Шақырылған қонақтардың арасында спортшының ең жақын адамдары және ең танымал мемлекеттік қызметкерлер болды.

Депутат Мұрат Әбенов өз пікірлерімен әдеттегідей, твиттерде бөлісті. Тойда болған ол, фотосуреттерді желіге салып, жас жұбайларды құттықтады.

«Ильиндердің жас отбасына бақыт тілеймін!», - деп жазды ол өзінің блогында.

Салтанат жоғары деңгейде өтті, көпшілік қауым Илья Ильиннің тойында арақтың орнына протеин коктейльдері құйылатындығын айтып, әзілдеді. Бірақ бұл әрине, әзіл болды. Жас жұбайлардың қуанышында шек болмады.

Ал ата-аналар мен құрметті қонақтар Ильиндер отбасына бақытты болашақ тіледі.