Алматының тергеу абақтысында мың АҚШ доллары сомасында қаражатты режимдік нысан аумағына өткізбекші болған қорғаушы ұсталды

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Алматының тергеу абақтысында мың АҚШ доллары сомасында қаражатты режимдік нысан аумағына өткізбекші болған қорғаушы ұсталды, деп хабарлады Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

Алматылық ҚАЖД бөлімінің басшысы Жұлдыз Сәйділдаеваның сөзіне қарағанда, 100 долларлық шетелдік валюталары металл детекторды іздеу құралымен табылды.

ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтың 367 бабына сәйкес, ескерту жасалады немесе әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқан заттың тәркілеуімен екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Материалдар сотқа жөнелтілді, деп атап өтті Ж. Сәйділдаева.

Соңғы жаңалықтар