Әлішер Жұмақан Словакиядағы велотректен өткен турнирде екінші орын алды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық Әлішер Жұмақан Прешов қаласында (Словакия) өткен тректегі велоспорттан Гран-при сериясының турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті.
Ұлттық құраманың өкілі «скрэтч» дисциплинасында екінші нәтиже көрсетті.
Бірінші орынды Польша спортшысы Дамиан Славэк иеленсе, түркиялық Мұстафа Таракчи мәре сызығын үшінші болып кесті.
Айта кетейік, Жұмақан биыл Гонконгта өткен Әлем кубогы кезеңінде омниум сайысында тоғызыншы орын алған болатын.
Айта кетейік,и осыған дейін Петропавлда триатлон және дуатлон бойынша ел чемпионаты өтті.