«Алтыналмас» өндіріс орнында конвейер машинисі қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — «Пустынное» ТБК екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза болды.
23 шілде 11:30 шамасында «Алтыналмас АК» АҚ өндірістік нысандарының бірі — «Пустынное» ТБК аумағында жазатайым оқиға болды. «Пустынное» ТБК екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза болды.
Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр.
— Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз. Компания оның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді, - делінген хабарламада.
Бұған қоса, компания оқиғаның нақты мән-жайларын бұрмалайтын және ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі ықтимал жалған немесе тексерілмеген ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салды.
— Тексерілмеген ақпаратты таратпауларыңызды және тек уәкілетті мемлекеттік органдар мен компанияның баспасөз қызметі ұсынған ресми деректерге ғана сүйенуді сұраймыз, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Павлодар облысындағы кәсіпорында алты адам қаза тапқан еді.