14:21, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алты жасар бала Ертістің суына батып кетті
СЕМЕЙ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Алты жасар бала Ертістің суына батып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Семей қаласының Төтенше жағдалар жөніндегі басқармасынан хабарлағанындай, екі бала Мирный кентінің тұсында мұздың үстінен өтіп бара жатқан. Қатқан өзеннің бір жерінде жылым болған. Сол жерден аттап өтпек болған балалардың кішісі мұз астына түсіп кеткен. Балалардың үлкені бауырын құтқара алмаған. Судағы құтқару стансасының сүңгушілері суға кеткен баланың денесін екінші күні тапқан.