Алты жасар қыз анасын құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алты жаcар қыздың суреттері анасының өмірін құтқарды, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

2011 жылы 50 жастағы Дженни Уильямс бүйрек алмастыру операциясына мұқтаж адамдар тіркелген тізімге енді. Алайда бұл тізімде одан басқа 2200 науқас бар еді. Екі баланың анасына бұндай ота 26 жасында жасалған екен. Ол кезде оған туған ағасы донор болған. Дегенмен операция нәтиже бермеді.

Соңғы үш жылда әйел Массачутес штатында ем алып жүрген. Ауруханаға келіп жүретін емделушінің 6 жасар қызы анасына көмектеспек болады. Ол қолына қағаз алып сурет сала бастайды. Кішкентай қыз үлкен қағазға кемпірқосақ, жүрек салып, «Анама бүйрек қажет» деп жазады. Қол ұшын созар адам табылып қалар деген үмітпен астына анасының телефон номерін жазып қояды.

Содан кейін қыз бұл суретті жақын жердегі шіркеуге апарады. Шіркеуге келушілер кішкентай қыздың бұл талпынысына сүйсініп, оған көмектеседі. Қыздың хабарламасын барлық штатқа таратады.

Осылайша, үш жыл бойы үздіксіз іздестіріп жүрген орган ақыры табылды. Бостондағы Тафтс орталығында өткен бүйрек алмастыру операциясы сәтті өтеді.

АҚШ ұлттық бүйрек қорынан (National Kidney Foundation) түскен мәліметке қарағанда, қажетті донорды күтумен күніне 14 адам көз жұмады екен.

Соңғы жаңалықтар