«Алтын доп» иегері Либерияда сенатор болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Африкандық ең атақты футболшылардың бірі, «Алтын доп» иегері Джордж Веа Монтсеррадо графтығынан Либерия сенатында жеңіске жетті, бұл өңірде ел астанасы - Монровия орналасқан, деп хабарлады Би-би-си.
None
None

48 жастағы ұлттық құраманың экс-форварды астаналық графтықта сайлаушылардың 78 пайыз дауысына ие болды, ол оның қарсыласы - президенттің ұлы Эллен Джонсон-Серлифті сайлаушыардың 11 пайызы ғана қолдады.

Веадан басқа сенатқа мемлекеттің сотталған бұрынғы басшысы Чарльз Тэйлордың бұрынғы зайыбы және көтерілісшілердің бұрынғы көшбасшысы Принс-Джонсон өтті.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы төмен болды, өйткені жұрт Эбола вирусын жұқтырудан қауіптеніп, үйлерінде болғанды жөн санады.

Сайлау учаскелерінде гигиенаның қатаң шаралары қолға алынды.

Батыс Африкада 7 мыңнан астам адам эпидемия құрбаны болды.

Соңғы жаңалықтар