«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы «Алтын орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдіктілерді Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полиция бөлімі іздеп жатыр.

Данияр Әпдіғапаровқа 1982 жылы туған, Жұмадин Патовқа, 1982 жылы туған, Қанат Жақаевқа, 1984 жылы туған, сонымен қатар Айдос Нұрқалиевқа, 1986 жылы туған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабы бойынша халықаралық іздеу жарияланды.

«Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Нәтижелері кейінірек хабарланады»,- деп атап өтті ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар
telegram