«Алтын Полис» сақтандыру компаниясы таратылуда
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және бақылау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 16 шілдедегі №160 Қаулысына сәйкес «Алтын Полис» Сақтандыру компаниясы» АҚ ҚР міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін заң актілерін бұзғаны үшін сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқынан айырылған еді. Ал 18 тамызда Алматы қаласы бойынша Арнайы ауданаралық экономикалық сот «Алтын Полис» қызметін тоқтату туралы шешім қабылдап, шешім 3 қыркүйекте заңды күшіне енген болатын. Осыған сәйкес 3-ші қыркүйекте сақтандыру ұйымының кредиторларымен есептесу және «Алтын Полис» жұмыстарын аяқтау мақсатында Агенттік Төрағасының №267 бұйрығымен «Алтын Полисті» таратушы комиссия құрылған.
Бүгінгі баспасөз мәслихатына қатысқан таратушы комиссия төрайымы Зоя Голеваның айтуынша, қазір таратылу жұмыстары заң негізінде жүзеге асырылуда. Оның айтуынша, қазіргі кезде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды жүргізуге дайындық жасалуда. «Бұл ретте күштеп таратылатын сақтандыру ұйымдарының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша кейбір міндеттерін «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіруші қоры» АҚ өз мойнына алады. Қор кепілденген төлемдерді «Алтын Полис» мәліметтер базасында ескерілген сақтандыру келісімдері бойынша төлейді.
Зоя Голеваның айтуынша, сақтандыру компаниясының тұтынушылары барлық мәселе бойынша комиссияға өтініш білдіре алады.