Алып ұшақты сүйрету рекордын елордалық полицей орындады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы 42 тонналық алып ұшақты спортшы полицей 10 метрге дейін сүйретті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алып ұшақты сүйрету рекордын елордалық полицей орындады

«Әуе кемесін 10 метр қашыққа сүйретуден әлемдік Гиннес рекордын спорт шебері, Нұр-Сұлтан қаласының полиция майоры Бауыржан Қамалиев орндады», әуежайдың Instagram-дағы парақшасында.


«Түнде бір рет жаттығып көрдім. Алаңдадым. Түнімен ұйықтай алмадым. Өздеріңіз куә болдыңыздар. Орындап шықтым», деді рекорд орнатқан Бауыржан Қамалиев.

Ол көпшілікті 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Рекордты қайталаушы жетістігін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Тұңғыш Президенті күні арнағанын жеткізді.