20:01, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алыс ауылға келген дәрігерлер жаңа үйлерге қоныстанды
ОРАЛ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы орталығында дәрігерлер жаңа үйлерге қоныстанды.

Аудан әкімінің орынбасары Закария Сисенғалидың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, дәрігерлерге арналып салынған бес үйдің үшеуіне медицина мамандары кірді. Атап айтқанда, ерлі-зайыпты оралмандар, педиатр Ләззат Тәжімұратова мен тіс дәрігері Ерлан Қалменов, психиатр Берік Әлиев, акушер-гинеколог Сағадат Сәрсенғалиева баспаналы болды. Үш отбасыға осы үйлерді салған «Альтаир» ЖШС басшысы Александр Потиченко, «Дельта» ЖШС директоры Ерлан Шүкірғалиев және Жаңақала ет тұтыну кооперативінің жетекшісі Сапар Тілеуғалиев 100 мың теңгеден демеушілік көрсетіп отыр. Бұдан басқа дәрігерлер Үкімет тарапынан 7 АЕК немесе 89 мың теңгеден үстемеақы алады.