Алыстағы ауданда жаңа базар жұмыс жасай бастады

ОРАЛ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданы орталығында жаңа жабық базар жұмыс жасай бастады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кәсіпкер Ескендір Елемесовтің меншігіндегі базар ғимаратының іші жылы. Жайлы жерге орналасқан сатушылар да риза. Ең бастысы, халық күнделікті пайдаланатын азық-түлік тауарларының бағасы едәуір төмен. Аудан әкімі Рысбай Өтешевтің айтуынша, мұнда жазғы павильон жұмыс жасайтын болады. Сәулетті дүкендер, кафелер салынып, мал базары да орналасады. Жаяу адамдар мен көліктерге қолайлы болуы үшін базар маңына, ішіне қатқыл табанды жол төселеді. Жаңа базар бағасы реттеліп отырмақ. Бұл ? өңірде дағдарысқа қарсы жасалған қадамның бірі.
Соңғы жаңалықтар