Алыстағы ауданда жаңа мектеп пайдалануға берілмек

ОРАЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Таяуда Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында 600 орындық қазақ тілінде сабақ беретін мектеп ғимараты пайдалануға берілмек.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне аудан әкімі Рахман Карин хабарлады. Оның айтуынша, бұл сиыр жылындағы ерекше қуаныш болмақ. Жергілікті билік мұғалімдер жағдайын да естен шығарып отырған жоқ. Жақында бес ұстаздар отбасы жаңа үйлерге қоныстанды. Жалпы, ауданда сегіз орта, 13 бастауыш, кәсіптік, жасөспірімдер спорт және музыка мектебі бар. Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен А.Құсайынов атындағы мектеп-балабақша мен Б.Жәнекешев атындағы орта мектеп жанындағы жатақхана күрделі жөндеуден өткізілсе, мұндай жұмыстар биыл да жалғасады.
Соңғы жаңалықтар