Алыстағы ауылда балабақша ашылды

ОРАЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылында балабақша іске қосылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бос тұрған екі қабатты ғимаратты жөндеуге 22 млн. 790 мың теңге бөлініп, бұл жұмысты «Эксперимент» ЖШС сапалы атқарды. Сәнді де еңселі ғимаратта 40 бүлдіршін тәрбиеленіп, мектепалды даярлықтан өтеді. Салтанатқа қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің сөзіне қарағанда, ауданда балдырғандардың 74,6 пайызы балабақшамен қамтылған. Бұл ? облыстағы ең жоғары көрсеткіш.
Соңғы жаңалықтар