«Алжир» фильмінің премьерасы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 7 мамырынан бастап Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды қалаларында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысымен түсірілген «АЛЖИР» көркем фильмінің премьералық көрсетілімі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кино-туындыда «халық жауы» атанған ел жайсаңдарының жұбайлары мен балаларының «АЛЖИР» лагерінде ажалмен арпалысып өткен өмірі, тауқыметті тағдыры баяндалады.

«Фильмнің бас кейіпкерлерінің бірі, Света есімді бойжеткен әжесінің соңғы аманатын орындау үшін, Ресейден Астанаға аттанады. Оның қолында, әжесінің осы лагерьде басынан өткізген оқиғалары жайлы жазылған ескі күнделігі сақталған. Светаның мақсаты - қылышынан қан тамған сұрапыл «қызыл террор» жылдары анасы мен әжесін аштық пен ажалдан, қиын жағдайға қарамастан, қорықпай аман алып қалған, Әлихан есімді қазақ жауынгерін іздеп табу. Ол кісі бүгінгі күні жасы тоқсаннан асқан ауыл ақсақалы. Света мен қарт Әлихан бүкіл фильм бойы азапта өткен сонау сұрапыл жылдарды еске алып, қайтадан сол кездерге оралғандай болады», - делінген баспасөз баянында.

Саяси қуғын-сүргіннің 80 жылдығына орай түсірілген фильмнің қоюшы-режиссері Әнуар Райбаев, рөлдерді сомдаған: Қобыланды Болат,  Алтынай Нөгербек, Анна Старченко және т.б.

Премьералық көрсетілімдер өтетін «Kinopark» желілері:

Ақтөбе - Kinopark 7 «Keryencity».

Шымкент  Kinopark 5, «Mega».

Алматы  «Спутник», «Сарыарқа», «Esentai Mall».

Астана  «Керуен», «Мега сити», «Сарыарқа».

Қарағанды  «City Mall». Kinoplexx.

Соңғы жаңалықтар
telegram