АЛЖИР мұражайы уақытша жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – «АЛЖИР мемориалдық-мұражай кешені» техникалық жағдайларға байланысты жабылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

АЛЖИР мұражайы уақытша жабылды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары «АЛЖИР мемориалдық-мұражай кешені» техникалық жағдайларға байланысты өз жұмысын ағымдағы жылғы 28 мамырдан бастап жалғастырады. (24-27 мамыр күндері мұражай кешені жөндеу жұмыстарына жабылады), — делінген Астана қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.

Айта кетелік белгілі ақын, айтыскер, әдебиеттанушы Дәулеткерей Кәпұлы Астана қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» директорының орынбасары, АЛЖИР мұражайының директоры болып тағайындалған еді

 

Соңғы жаңалықтар