17:17, 19 Қаңтар 2020 | GMT +5
Алжирде екі автобус соқтығысып, 12 адам мерт болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Алжирдің оңтүстігінде екі жолаушылар автобусының соқтығысуы салдарынан 12 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Mosaique FM радиостанциясына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға таңсәріде Эль-Уэд провинциясындағы Сатыль қалашығының маңында болған. Азаматтық қорғаныс қызметі өкілдерінің алдын ала мәліметтері бойынша жол апаты салдарынан 46 жолаушы жарақат алған. Олар жергілікті медициналық мекемелерге жеткізілді.
Қоғамдық көліктер соқтығысуының себеп-салдарын оқиға орнына келген алжирлік прокуратураның тергеушілері анықтайтын болады.
Фото: Twitter / Nadjim Ndjemo