19:11, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Алжирде мұнай зауытында болған жарылыс салдарынан 10 адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжирде Sonatrach компаниясының мұнай өңдеу зауытында болған жарылыс салдарынан кем дегенде 10 адам мерт болды, деп хабарлайды араб БАҚ-тарына сілтемемен Parisien газеті.

«Эннахар» телеарнасының мәліметтерінше, жарылыс елдің солтүстік-шығысындағы Скикда қаласындағы кәсіпорында болған. Оқиғаның мән-жайы туралы толық хабарланбай отыр, деп жазады РИА Новости.