22:14, 30 Тамыз 2014 | GMT +5
Алжирде украиналық жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украиналық Ан-12 жолаушылар ұшағы Алжирдің оңтүстігінде апатқа ұшырап, салдарынан 7 жолаушы ажал құшты, деп жазады шетелдік БАҚ.

Мәліметтер бойынша, ұшақ Экваторлық Гвинеяға бара жатқан.
Ан-12 Алжирдің өзі аттас провинциясының Таманрассет қаласынан ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң апатқа ұшыраған. Алжирдің көлік министрлігі өкілінің айтуынша, оқиға орнында үш адамның күйіп кеткен мәйіті табылған. Ал бортта болған қалған адамдардың тағдыры белгісіз.