Аман Төлеев Кузбасты тағы басқаруы мүмкін
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Дмитрий Медведев Кузбасс губернаторлығына үміткерлердің тізімін мақұлдады,
деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
«Біртұтас Ресей» партиясы ұсынған үміткерлер тізіміне қазіргі губернатор Аман Төлеев, Кемеров облысы губернаторының бірінші орынбасары Валентин Мазикин және Мемлекеттік Дума депутаты Сергей Неверов кірді. Бұған қосарымыз: Төлеевтің өкілеттік мерзімі сәуірдің 20-сында аяқталады. Ол Кемеров облысын 1997 жылдан бері басқарып келеді.