10:50, 06 Қазан 2022 | GMT +5
AMANAT партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке ұсыну шешімін қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат – AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну шешімі қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Съезд барысында 7 адам жарыссөзге шығып, олардың барлығы да алдағы кезектен тыс Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады және партияластарын да қолдауға шақырды.
Осыдан кейін делегаттар Қазақстан Республикасының президенттігіне AMANAT партиясының кандидаты ретінде Қ.Тоқаевты ұсыну мәселесін талқыға салып, бірауыздан қолдау көрсетті.