Амандық Баталов: «Астана күні - қол жеткен табыстарды еселеуге серпін берер ерекше мереке»
Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Жастар» саябағының бас сахнасынан барша жетісулықтарды құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов: «Бүгін біз Тәуелсіз Қазақстанның ең айшықты мерекелерінің бірі - Астана күнін атап өтіп отырмыз. Бұл - азат елдің асқақ арманын орындауға, қол жеткен табыстарын еселеуге серпін берер ерекше мереке», - деп атап өтті.
Қазір Астана сәулеттік жағынан «Азия жауһары» ғана емес, сонымен қатар әлемдік геосаясаттың, экономика мен мәдениеттің алқалы алаңы болып отыр. Біздің жас та көркем, қадамы нық қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсуде. Қай-қайсымыз да Елорданың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз. Сарыарқаның төріндегі бейбітшілік бесігі болған Астана өсіп-өркендеп, гүлдене берсін! Баршаңызды осы қуанышты мереке күнімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін! - деді.
«Ел жүрегі - Астана!» концерттік бағдарламасы мерекенің мазмұнын аша түсті.