АМАНЖОЛОВ САДЫҚ АЮКЕҰЛЫ

нжолов Садық Аюкеұлы (1885-1941) - Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. Жетісу облысы Верный уезі Бақай болысы жерінде (қазіргі Алматы облысы Шелек ауданы Қаратұрық ауылы) дүниеге келген.
None
None

1898-1907 жылдары Верный (Алматы) ер балалар гимназиясында, 1907-1912 жылдары Қазан императорлық университетінің заң факультетінде оқыған. Жас заңгер алғаш Верный (Алматы) округтік сотында істеп, кейін Сарқантқа уақытша бітімші сот болған. Біраз уақыт Лепсіде де істейді. 1914-1918 жылдары Сергиопольде (Аягөз) бітімші сот қызметін атқарған. Ақпан төңкерісінен кейін Үржар уезінде құрылған қазақ комитетінің төрағасы болды. Алаштың 1917 жылғы  21-26 шілдеде Орынборда өткен бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтайға депутат болып сайланады. Осы жылы 5-13 желтоқсанда өткен екінші Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Жетісу облысынан мүше болып кіреді. Шешуші кезеңде Жетісуда Алаш партиясының жергілікті ұйымдарын құруға атсалысып, Алашорда милициясын жасақтауға жетекшілік еткен.

1918 жылы тамызда Лепсіде өткен Алашорданың Жетісу облыстық ІІ съезі оны облыстық кеңес мүшесі етіп сайлайды. Аталған облыс большевиктердің қолына өткенде, Жетісулық Алаш бөлімшесі Шәуешекке орын ауыстырады. Осында әскер жасақтау қамымен болады. Осы шамада Базарбай Мәметұлы екеуі Жетісудың аштықтан күйзеліп, бет-бетіне ауа бастаған халқына азық-түлікпен жәрдем көрсетеді. 1918 жылы тамызда большевик әскерімен арадағы бір шайқаста ауыр жараланады. Қасында болған Отыншы Әлжанұлы оққа ұшады. 1918-1922 жылдары қайраткер сол Шәуешекте болып, ол жақта саяси ахуал өзгергенде елге қайтады. Бір ескерер жайт, 1918 жылы сәуірде Шәуешекке А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Р.Мәрсекұлы барып, сол жақтың зиялылырымен ел болашағы туралы кеңес өткізеді. Бұған Садық Аманжоловта та қатысқан. Осы шара бүгінге жеткен бір фотосуретте хатталған.

Қайраткер 1923 жылдың наурызынан Жетісу облыстық атқару комитетінде, ал 1924 жылдан Жетісу облыстық сотында жауапты қызметтер атқарған. Мұнан соң 1930 жылға дейін Қазақ АКСР Заң халық комитеті жүйесінде жұмыс істейді. 1929-1930 жылдары Алаш қайраткерлеріне үлкен саяси айып тағылып, тұтқындау процесі жүргенде, Қазақстаннан бас сауғалап кетіп, Мәскеу, Бішкек, Ташкент қалаларында жұмыс істеген. 1941 жылы Ташкентте қайтыс болған.

 

 

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 1 том

 

Соңғы жаңалықтар