Амелина Бакиева Бахрейнде жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия ойындарында алтын алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның ММА құрамасының өкілі Амелина Бакиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

п
Фото: ҰОК

Финалда ол 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үндістандық Шрия Сатамды мерзімінен бұрын жеңді.

Қазақстан қоржынында қазір үш алтын бар. Осыған дейін медальдарды шосседегі велоспорт командасы мен таеквондошы Айым Серікбаева алды.

Кеше Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылардың нәтижелерін жарияладық.

Азия ойындары жас спортшылардың халықаралық деңгейдегі тәжірибесін шыңдап, ел құрамасының әлеуетін айқындай түсті. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте тұрақты түрде үздіктер қатарында келеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар