Америка Майкл Джексонмен қоштасты

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Оған әншінің туыстары, достары және өнеріне табынушылар, барлығы 20 мыңнан астам адам қатысты. Миллоннан астам адам әлемнің түпкір-түпкірінен өздері табынған эстрада жұлдызымен қоштасуға келді. Қаралы қоштасу рәсімін американың ірі телекомпаниялары тікелей эфирде көрсетті. Сондай-ақ Нью-Йоркте, Джексондардың туған қаласы Гэриде (Индиана штаты) және олардың Neverlandтағы атақты жер иелігінде үлкен экрандар арқылы көрсетілді.
Атақты әнші қайтыс болғаны туралы хабар белгілі болған сәттен бастап, оның өнеріне табынушылар Джексонның әндері жазылған 500 мыңнан астам дискілерді екі күннің ішінде дүкендерден сыпырып әкетті.
Өмірінің соңғы жылдарында ислам дінін қабылдаған Майкл Джексон Лос-Анжелес маңында мұсылман ғұрпымен жер қойнына берілді.