07:59, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
                                        Америкада үйлердің бағасы 2003 жылғы деңгейге түсті
                                            НЬЮ-ЙОРК.  Ақпанның 25-і.  ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -  Америкада үйлердің бағасы 2003 жылғы  деңгейге  түсті,  
                                        
                                        
                                     
                                              
                                                     деп  хабарлайды ҚазАқпарат    Ассошиейтед  агенттігіне  сілтеме  жасап. АҚШ-тың үлкен  20 қаласындағы   екінші  рыноктағы  Case-Shiller Home Price  бағасының индексі көрсетіп отырғандай,  мегаполистердегі  үйлердің   жартысы 2006 жылы   аспандаған     бағаның    20 пайызға шамасын жоғалтып  отыр.   Күрт құлдырау     2008 жылдың  төртінші тоқсанында байқалған. Наурыз  айында  АҚШ әкімшілігі   үй  иелеріне    көмек көрсету  жоспарының   бүге-шігесін жария етеді. Б.Обаманың  мәлімдемесі  бойынша,   банктерге    үйлердің    ағымдағы нақты    құнының  105 пайыздан  кем  емес   құнын  берешек  болып отырған     5 миллионға   жуық    адал  ипотекалық заемшылар     несиелерін     төмен пайыздық  ставка бойынша қайта қаржыландыра алады. Moody?s агенттігінің  мәліметі бойынша,     қазіргі уақытта 14 миллиондай американдық үй  иелері  ипотекалық заемдар бойынша    үйлерінің   қазіргі рыноктағы  бағасынан   асып түсетін ақша  төлеулері керек.