04:18, 03 Сәуір 2015 | GMT +5
Америкалық әлемдегі ең қарт әйел Обаманы 117-ші туған күніне шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Арканзас штатында тұратын Гертруда Уивердің жасы жақында 117-ге толып, әлемнің ең қарт адамы атанды, деп жазады "Газета.Ru".

Ол 4 шілде күні өзінің туған күнін атап өтпек. Бұл тойға ел президенті Б.Обаманы арнайы шақырып отыр екен.
Айта кетейік, жуырда 117 жастағы жапондық Мисао Окава қайтыс болды. Одан кейін Жердің ең қарт тұрғыны атағы Гертруда Уиверге көшіп отыр.