Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Америкалық атақты ковбой аударыспақ турнирінде өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Қазанат» ипподромында 17-18 тамыз күндері аударыспақтан өтетін халықаралық турнирге Американың атақты родеошысы Крид Гарник келе жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Америкалық атақты ковбой аударыспақ турнирінде өнер көрсетеді

Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мәлім етті.

«Бүгінгі күні әлемнің назары - «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне аударып отыр. Осы арқылы ұлттық ойындарымызды әлемге паш етіп жатырмыз. Күні кеше ғана ат үстіндегі жамбы атудан жарыс өтті. 2014 жылы осында аударыспақтан Азия чемпионаты ұйымдастырылған болатын. Одан кейін дәл осы спорт түрінен үлкен жарысты Қытай өткізуге ниет білдірді. Қытай өткізді дегеніңіз әлемнің бестен бірі мойындады деген сөз. Көзге әдемі көрінетін тамаша спорттың түрі деп айтуға болады. Біраз елдердің спортшылары келе жатыр. Турнирге 80 келіге дейінгі салмақта Американың атақты родео сайыпқыраны Крид Гарник те қатысады», - дейді Бекболат Тілеухан.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті аталған жарысқа қолдау білдіріп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне шынайы алғысын білдірді.

Айта кетейік, Крид Гарник АҚШ-тағы Вайоминг ранчосында дүниеге келген атақты родеошы. Ол ат құлағында ойнайтын америкалық кәсіби актер ретінде де танылып, Голливуд киноларына түскен. Крид Ньюс-Йорк қаласында шығармашылық мектебін бітірген.