08:40, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Америкалық азамат әйелін өлтіріп, суретін Фейсбукте жариялаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелін өлтіріп, оның мәйітінің суретін Фейсбукке орналастырған америкалыққа адам өлтірді деген айып тағылды.

Алқа билер Дерек Мединаның бұл әрекетке «өзін қорғау үшін бардым» деген сөздеріне сенбеді.
Ол өз аккаунтінде енді адам өлімі үшін түрмеге қамалатыны немесе жазаланатыны туралы жазғанын айтты.
Айыптаушылар америкалықтың қаза тапқан әйелінің фотосын жариялап, «өлген қызының суретін ғаламторда көруді ешкім қаламас еді» деген мәлімдеме жазғанын ерекше атап өтті.
Мединаға қатысты үкім қаңтарда шығарылады, деп хабарлады Би-би-си.