Америкалықтар Сатурн спутнигіне сүңгуір қайық жібереді - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық ғарыш агенттігі (NASA) Сатурнның Титан атты спутнигіндегі Кракен полярлық теңізін зерттемек, деп хабарлайды Росбалт.

Америкалықтар Сатурн спутнигіне сүңгуір қайық жібереді - ВИДЕО

Флоридадағы NASA институтында көмірсутекті теңіздерді зерттеуге жөнелтілетін сүңгуір қайықтың үлгісі көрсетілді.

Қайықты ұшыру миссиясы 2040 жылға жоспарланған. Аппарат сағатына 3,6 км жылдамдықпен 2 мың шақырым жерді сүзіп шығуы керек.

Титанда этан мен метаннан тұратын үш полярлық теңіз анықталды. NASA инженерлері әзірлеген сүңгуір қайық олардың ең үлкені - Кракен теңізін зерттейді. Оның аумағы 400 мың шаршы метр, ал тереңдігі шамамен 160-300 метр болады.