19:43, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Американдық адам лотереядан 128 миллион доллар ұтып алды
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Кентукки штатында джекпоты 128 миллион доллардан асатын Powerball лотереясының нәтижелері жарияланды. Ұтыс сандары Джорджтаун қаласында сатып алынған билеттерге сәйкес келген,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Рекордты джекпот - 128 миллион доллар иесінің есімі анықталған жоқ. Әзірге белгілісі - ұтыс комбинациялары бар билет сатылған және жүлде иесі ерте ме, кеш пе бой көрсеуі тиіс. Осыған байланысты лотереяға қатысушыларға - өз билеттерін мүмкіндігінше тез тексеру, ал жеңімпазға тез арада ұйымдастырушылармен байланысу керектігі табанды түрде ескертілуде.