Американдық әскери ұшқыштарға оң қолдарына сурет салуға рұқсат етілді
АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - АҚШ Әскери-әуе күштері әскери жауынгерлерге оң қолдарына салуға рұқсат етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.
Сан-Антониодағы АҚШ Әскери-әуе күштері қызметке тарту қызметінің өкілі Криста Д'Андреаның (Christa D'Andrea) айтуынша, ендігі жерде әскери ұшқыштардың денелеріне сурет салуына қатысты өздерінің ережелерін толық қайта қарауы және осы саладағы бірыңғай стандартты әзірлеуі қажет етіледі. Д'Андреа сурет салуға тыйым салуды жоюға БАҚ-тың ықпал еткенін айтты.
Әскери сәлем беретін қолға сурет салуға салынған тыйым 17 мыңға жуық әскерге шақырушылардың қызметке түсуіне қауіп туғызған болатын. Ғұмыры қысқа болған бұл тәртіп бойынша олар әскери қызметке жарамсыз болып табылатын еді. Сурет салуға тыйым салу жойылғаннан кейін, енді әскерге шақырушылар үшін әскери оқу бөлімдеріне түсетін жаңа мерзім белгіленетін болады.