Американдық әйел қызына қатыгездік жасағаны үшін 99 жылға сотталды

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Даллас қаласының соты 23 жастағы әйелді кішкентай қызына қатыгездік жасағаны үшін 99 жылға соттады, деп хабарлады "Вести.Ru".

Американдық әйел қызына қатыгездік жасағаны үшін 99 жылға сотталды

Бес баланың анасы Элизабет Эскалона 2011 жылдың қыркүйек айында өзінің 2 жасар қызы Джосселиннің қолына желім жағып, ол қашып кетпес үшін қолын үйдің қабырғасына жабыстырып қойған. Кейін оны ауыр ұрып-соққан.  

Прокуратура сотқа мейірімсіз ананың әрекетін дәлелдейтін суреттерді ұсынды. Сот үрдісінің барысында Элизабет Эскалона өзінің берекеті жоқ отбасында өскендігін және есірткі қабылдайтындығын айтып, ақталмақ болды.