Американдық кинематография институты жылдың үздік фильмін атады

АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат - Американдық кинематография институты (AFI) жылдың үздік 10 фильмін таңдады,

Американдық кинематография институты жылдың үздік фильмін атады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Шешімді 13 киноиндустрия өкілдері және институт мүшелері енген арнайы қазылар қабылдады.

Үздіктер деп мыналар таңдалды:

1. «Құбыжықтар еліндегі Коралина»
2. «Вегастағы бастаңғы»
3. «Дауыл әміршісі»
4. «Елші»
5. «Қазына»
6. «Байсалды адам»
7. «Жалғызбасты еркек»
8. «Қант»
9. «Өрлеу»
10. «Көкке біз де көтерілсек».

Басқа кәсіби наградаларға қарағанда AFI сыйлығымен фильмді түсіруге қатысқан бүкіл кинематографистер ұжымы марапатталатынын атап өткен жөн.

Жеңімпаздарға сыйлықтарды тапсыру 2010 жылғы қаңтардың 15-інде Лос-Анджелесте Four Seasons қонақүйінде өтеді.