Американдықтар Гаити үшін SMS-тің көмегімен 22 миллион доллар жинады
АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - АҚШ-тың тұрғындары Гаитидегі зілзаладан зардап шеккендер үшін Қызыл Крест қорына ұялы телефондардың көмегімен 22 миллион АҚШ доллары мөлшерінде қайырымдылық қаражат жинап берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
SMS-хабарламаларының көмегімен қайырымдылық қаражаттарын жинауды ұйымдастырушы ретінде коммерциялық емес ұйымдарға ұялы технологиялар қызметтерін ұсынумен айналысатын Mobile Accord американдық компания әрекет етті.
Гаитиге арналған қаражат компанияның 2008 жылы mGivе-ге көмек көрсету үшін ұйымдастырған ұялы телефонмен қаржылық қаражат жинау сервисі арқылы жиналды.