Американдықтар жер астында алып ауа «батареяларын» салмақшы

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Американың Magnum Energy LLC компаниясы 1,5 шақырымдық тереңдікте электр энергиясын алу үшін пайдаланылатын сұйытылған ауаны сақтауға арналған жерасты үңгірін салуды жоспарлап отыр,

Американдықтар жер астында алып ауа «батареяларын» салмақшы

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Жерасты қоймасын Юта штатындағы Дельта қаласының маңында салу жоспарланған. Осы аймақта жерасты сортаңының қоры бар, ол арнайы техникалармен тазартылатын болады. Алғашқы кезеңде қоймаға жақын маңдағы Жарқабақты тауында өндірілетін табиғи газға арналған қойма салынады.

Технологиялар сынамадан өткеннен кейін Magnum Energy LLC ауаға арналған қойма құрылысына кіріседі. Жобаның авторлары сығымдалған ауа электр энергиясын сақтаудың ең арзан тәсілдерінің бірі деп санайды.

Мысалы, электр стансысының ашық күндері артығымен өндірген электр энергиясы сығымдалған ауаға бағытталатын болады. Осылайша, жоба авторлары электр энергиясын сақтау проблемасын шешуді көздеп отыр.