13:29, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Аммиак, азот және минералдық тыңайтқыштарға деген сұраныс азайды
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Дағдарыс салдары химиялық саладағы кәсіпорындардың жұмысына да кері әсерін тигізуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, кәсіпорындарда жүгізілген мониторинг нәтижесі 2008 жылдың қарашасы мен биылғы жылдың ақпаны аралығында «Қазфосфат» ЖШС, «Каустик» АҚ, сондай-ақ «ҚазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өткен жылғы қараша айына дейінгі көрсеткішке қарағанда дайын өнім бағасы орташа есеппен 25-30 пайызға төмендегенін көрсеткен.
«Әріптестер тарапынан келісімшарт міндеттемесін орындамау секілді мәселелер кездесіп отырды. Соның салдарынан кейде дайын өнімнің 95 пайызы қоймаларда қалып жатты»,-деді министр.
В. Школьниктің сөзіне қарағанда, аммиак, азот және минералдық тыңайтқыштарға деген сұраныс азайған.
«Фосфорлы өнімнің орташа бағасы 2008 жылға қарағанда биылғы жылы 15-20 пайызға төмендейді деген болжам бар»,-деді министр.