АМӨЗ-де жаңа қондырғылар іске қосылып, жоғары октанды бензин өндірісі 7 пайызға ұлғайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау МӨЗ модернизациясы шеңберінде мұнай өңдеу сапасын арттыру үшін салынған қондырғылар іске қосылып, жоғары октанды бензин және дизель отынының өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды «АМӨЗ» ЖШС Жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі.
Атап айтқанда, CCR катализаторының үздіксіз регенерациясы бар жаңа каталитикалық риформинг қондырғысы зауыт мүмкіндіктерін кеңейтті.
«Қондырғыны іске қосу арқылы АМӨЗ-де жоғары октанды бензиндердің өндірісі 81,7%-дан 89%-ға дейін жоғарылады, бұл төмен октанды АИ-80 автомобиль бензин маркасының өндірісінен бас тартуға мүмкіндік берді, - деп мәлім етті АМӨЗ Техникалық департамент бастығының технология бойынша орынбасары Вадим Қарабас. - Сондай-ақ, гидротазарту процестеріне 15%-ға дейін кокстеу бензинін қабылдауға мүмкіндік пайда болды. Бұл CCR шикізат базасын кеңейте отырып және соның арқасында төмен октанды компоненттерді өндіруді азайту арқылы жоғары октанды бензиндердің өндірісін арттырады.
Бүгінгі таңда Атырау мұнай өңдеу зауытын модернизациялау барысында шикізат сапасын онлайн түрде мониторингілеу жүйесін іске асыру аяқталды. Бұл күкірт, азот және қайнау температурасы 191,40º (мұнай-химия нұсқасы) немесе 185º С (отын-нұсқасы) дейін жететін шекті фракциялық құрамдарын қатаң бақылауға мүмкіндік береді.
CCR-ді пайдалануға енгізу нафта мен мини-МӨЗ және газ өңдеу зауыты бар пентан-гексан фракциясын айына 10 мың тоннаға дейін өңдеу және оларды жоғары октанды бензиндердің сапасына дейін жеткізуге мүмкіндік берді.
Бүгін сондай-ақ, дизельдік отынның гидротазарту мен депарафинизациялау қондырғысы жобалық қуатқа шығарылды. Нәтижесінде 100% экологиялық таза K-2 және K-3 классына сәйкес келетін дизель отынын өндіруге қол жеткізілді. Дизель отыны өндірісінің өсуіне сәйкес, жинақталатын жеңіл газойльдің 75%-ы қайта өңделеді.