Әмір Омарханов Тунистегі жарыстың жартылай финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 771-ракеткасы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің жартылай финалына шықты.

Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің 1/8 финалына жолдама алды
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингіде 1 378-орындағы ұлыбританиялық Джеймс Коннелді жолдан тайдырды — 6:4, 6:3.

Әмір ширек финалда әлемнің 651-інші, осы жарыстың үшінші ракеткасы, португалиялық Тьягу Торресті ойсырата ұтты — 6:1, 6:3.

Әмір Омарханов финалға шығу үшін рейтингіде 839-сатыдағы германиялық Лука Виденманмен таласады.

Қазақстандық теннисші өткен аптада Монастирдегі жарыстың жартылай финалында Л.Виденманды 6:4, 6:1 есебімен жеңген болатын.

Ә.Омарханов сонымен қатар франциялық Виктор Паганеттимен бірге жұптық сында сәтті өнер көрсетуде. 

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-франциялық жұп ширек финалда ұлыбританиялықтар Бенджамин Гусик Ван — Люциус Гуттерриджді жолдан тайдырды — 6:3, 7:6 (7:4).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 18 жастағы Әмір Омархановтың бір күнде екі матчты жеңіспен түйіндегенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Майами мастерс турнирінде Путинцеваның Рыбакинамен ойнайтыны хабарланды.