Амстердамда климатқа кері әсер ететін өнімдерді жарнамалауға тыйым салынды

АСТАНА. KAZINFORM — Амстердамда климатқа зиян келтіретін тауарлардың сыртқы жарнамасына тыйым салынады.

дизель
Фото:Pexels

Бұл шара ет пен оны қамтитын өнімдерге — гамбургер сияқты тағамдарға, сондай-ақ қазба отыны мен оны пайдаланатын тауарлар мен қызметтерге, мысалы дизельді көліктер мен әуе тасымалына қатысты.

Оларды жазғы маусымнан бастап көшедегі билбордтар мен автобустар аялдамаларында жарнамалау тыйым салынатын болады. Қалалық кеңес бұл шараны көпшілік дауыс бойынша мақұлдады.

Нидерландының «жасылдар» партиясы GroenLinks, осы бастаманың авторларының бірі, бұл шешімді «климат пен қоғамдық денсаулық үшін үлкен жеңіс» деп атады.

Бұған дейін Нидерландының кейбір басқа қалаларында — Харлем, Неймеген және Утрехтте осындай тыйымдар енгізілген. 

Өткен жылы Гаага соты туроператорлардың жарнамалық тыйымға қарсы берген шағымын қанағаттандырмады.

Алайда климатқа зиян келтіретін тауарларды Нидерландыда интернетте, теледидарда немесе супермаркеттерде жарнамалау әлі де мүмкін.

Соңғы жаңалықтар