Ана 3 баласын алапат өрттен құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында ірі өрт болды, деп жазады ABC News.
None
None

Хьюстон өрт сөндіру қызметінің өкілдерінің айтуынша, оқиға 26 ақпанда болған. Тұрғын Маргарет Уильямс үш баласын жылдам тараған жалыннан құтқару үшін өрт сөндірушілер жеткенше үйдің балконына шығарып үлгерген.

ABC News-тің Туиттерде таратқан видеосында батыл қимылдаған ана алдымен кіші ұлын, кейін екінші сосын, үлкен қызын жылдам құтқарушылардың қолына берген сәті түсірілген. Сосын өзі де сатыдан түсіп, қауіпсіз жерге шыққан.

 

Өрттің туындау себептері әзірге белгісіз. Тілсіз жау 16 пәтерді күлге айналдырған. Құрбандар туралы мәлімет жоқ.

null

Фото: abcnews.go.com

Соңғы жаңалықтар