Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

АСТАНА. KAZINFORM — Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Финляндияның Рука қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде тағы да үздік ондықтың қатарына енді.

Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
Фото: ҰОК

Бұл додада могул бойынша жүлделер екі рет сарапқа салынды. Алғашқы жарыста Городко 7-орынды иеленді.

Келесі күні отандасымыз тағы да үздік ондықтың құрамына еніп, тоғызыншы болып мәреге жетті.

Аяулым Әмренова 26-орынға, Юлия Феклистова 31-орынға, ал Юлия Галышева 32-орынға табан тіреді.

Аустралиялық Энтони Джакара жеңімпаз атанды. Екінші орынға АҚШ спортшысы Оливия Гьяччо, ал үшінші орынға Джейлин Кауф тұрақтады.

Бұдан бұрын Қазақстан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Словениядан басым түскенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар