14:30, 12 Шілде 2016 | GMT +5
Анасы баласын ас-сусыз екі аптаға жалғыз қалдырып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хабаровск өлкесінде пәтерде жалғыз қалып, екі апта бойы нәр татпаған екі жасар бала құтқарылды. Анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады НТВ.
Көршілер бірнеше күннен бері жылаған баланың даусына шағымданып, полицияға арыз түсірген. Пәтер есігін бұзып кірген полиция қызметкерлері әбден қалжыраған баланы көрген.
Ертеректе сәби анасының екі үлкен ұлына аналық құқығынан айырылғаны анықталды. Қазір әйел «Кәмелет жасқа толмағандарды тәрбиелеуде өз міндетін орындамау» бабы бойынша жауапқа тартылуда.