Анасы кешірмеген жанжалқор 15 тәулікке қамалды - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодар аудандық соты ауыл тұрғынын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-5 бабының 2-ші бөлімінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасады деп танып,
оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды, деп хабарланды аудандық соттың баспасөз қызметінен.
Жаңа жылда ішімдікке сылқия тойған ер адам жанжал шығарған, анасын балағаттап, күш көрсетемін деп қорқытқан.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толығымен мойындап, ісіне өкінді. Алайда оның анасы жанжалқор ұлын кешірмеді, тараптар сот залында татуласпады.