Анасын балағаттап, жеті күнге қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Железин аудандық сотында отбасында жанжал шығарған ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Іс материалына сүйенсек, ол биылғы жылы 13 желтоқсан күні түскі мезгілде өз үйінде анасы мен отбасы мүшелеріне балағат сөздер жаудырған. Ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қолданғаннан кейін  үй ішінің шырқын бұзуды тоқтатпаған. 

"Анасы берген шағым, полиция инспекторының рапорты және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес оның кінәлі екені дәлелденген. Сот қаулысымен ер адам жеті күнге әкімшілік қамауға алынып, іс әрекетіне ерекше талап қойылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ",-делінген облыстық сот баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар