Андрей Голубев жұптық сында Стокгольмде жарыстың 1-ракеткасын ұтты

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Андрей Голубев
Фото: meta-ratings.kz

А.Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге бастапқы кездесуін жарыстың 1-ракеткалары, аргентиналықтар Максимо Гонсалес - Андрес Мольтенимен өткізді.

Қазақстандық-украиналық дуэт 1 сағат 44 минутқа созылған тартысты кездесуде 7:5, 3:6, 10:7 есебімен жеңіске жетті.

Олар бәсеке барысында 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Аргентиналықтар да 2 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Андрей Голубев - Денис Молчанов жартылай финалға шығу үшін португалиялық Франсишку Кабраль - ұлыбританиялық Анри Паттенмен таласады. Бұл жұп бірінші айналымда қазақстандық Александр Недовесов - эквадорлық Гонсало Эскобарды ұтып кеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жасөспірім теннисшілердің әлемдік рейтингіде жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар