Андрей Шевченко «Рио-2016» Олимпиадасына қатысуы мүмкін

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - «Милан» және киевтік «Динамо» командаларының даңқты ойыншысы, 2004 жылғы «Алтын доптың» иегері украиндық Андрей Шевченко алаңға қайта оралды. Футболдағы жеткен жетістіктерінің өзі қазіргі таңда аңыз болып қалды. Жасы келді, енді алаңда жүгіріп емес, баяу жүріп жеңіске жетуді қалаған Шева алғашқы жеңісіне де қол жеткізді. Ағылшынның Queenwood Golf Club ұйымдастырған жарыста ол топ жарды, деп хабарлайды «Аламан».
None
None

Бұнымен қоса Шевченко 2016 жылы болатын Олимпиадаға қатысуы мүмкін гольфшылардың тізіміне есімі ілінді. Украинаның атынан Риоға да сапар шегіп көрмек. Байырғы футболшы, қазіргі гольфшы тек биіктен көрінгісі келеді.

Соңғы жаңалықтар