03:25, 03 Қазан 2012 | GMT +5
Андрей Шевченко үшінші рет әке атанды
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Украина құрамасының және италияндық «Милан» командасының бұрынғы шабуылшысы Андрей Шевченко үшінші мәрте әке атанды.

Бұл Massaget.kz хабарлайды.
Шевченко жұбайы американдық модель Кристен Пазикпен бірге осы уақытқа дейін екі ұл тәрбиелеп келеді. Үлкен ұлдарының аты - Джордан (жеті жаста), кіші ұлының есімі - Кристиан (бес жаста). Ал үшінші ұлдарының есімін жұлдызды жұп әлі қоймаған екен.
Киевтік «Динамоның», лондондық «Челси» командасының бұрынғы ойыншысы спорттық ғұмырын биылғы 27 шілдеде аяқтаған болатын. Содан бастап, Андрей Шевченко Наталия Королевская бастаған «Украина - Алға» партиясына мүше.